• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Орта Азия мемлекеттерін  интеграциялық  үрдістер шекарасын кеңейту  арқылы қолдауға дайын – Н. Назарбаев 04.05.2014

«Қазақстан бұл аймақтың ең ірі экономикалық өңірі ретінде және жылдам дамып жатқан мемлекет ретінде тәжірибе мен ресурстары арқылы қолдау көрсете алады. Басқарушылар кеңесінің отырысы экономикада жаңа серпін туғызады, АДБ адамдардың өмір сүруін жақсарту бойынша жұмыс атқаруда», - деді Президент.

Ол атап өткендей, Қазақстан көрші елдермен жақсы серіктестікке ие: Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық аясында  Әзірбайжан, Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан елдерімен жақсы қарым-қатынаста.

«Ұлы Жібек жолының заманауи аймағы өзінің аумағы мен жетістігі бойынша ерекшеленеді. Бұл жерде 3 млрд-қа жуық адам шоғырланған. Негізгі идея тек транзиттік сауда ағынын дамыту ғана емес, қаржы нарығының интеграциясы және аймақта іскерлік климат орнату болуы тиіс», - деді ол. 

Осыған орай, Президент көліктік құрылым Орта  Азия аймағында қоғамдық көрініске ие болып қалыптасып жатқанын айтты.

  «Біз осы салада қарым-қатынасты дамытуға ниеттіміз. Бұл сұрақты кеңінен ашып, дамыту қажет. Интеграциялық үрдістер шекарасын кеңейту арқылы Қазақстан өз тәжірибесі мен ресурстары арқылы Орталық Азияға қолдау көрсете алады», - деді ол.

«Біз Орта Азияда ерекше орынға ие бола отырып Қазақстан барлық елді  байланыстыру үшін жағдай жасауға ниетті», - деді ол.

Елбасы Қазақстан АДБ-мен одан әрі ынтымақтастықты жүргізуге дайын екендігін айтты. 


Back to the list