02.05.2014
«Қазақстан мен АДБ 20 жылдай уақыт бойы өзара әріптестік аясында жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында Қазақстан банктің қолдауымен бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Жиырма жылда Қазақстан өзінің экономикалық әлеуетін екі есеге дейін өсірді. Егер 1994 жылы Қазақстанның ЖІӨ көлемі 11 млрд доллар болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 220 млрд долларға жеткен», - дейді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның жыл сайынғы экономикалық өсім көрсеткіші ЖІӨ-нің 6 пайызын құрайды. Бұл әлемдік деңгейде үздік көрсеткіш бола отырып бәсекеге барынша қабілетті ел екендігімізді көрсетеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде алғашқы елулікке кіргені анық», - дейді Е.Досаев.
«Қазақстанның аталмыш көрсеткіште алғашқы елулікке кіруінің басты себебі ретінде меншікті құқының қорғалуы, салықтық жүйенің жетілдірілуі секілді шаралардың қолға алынуын атар едім», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында Азия Даму банкінің жыл сайынғы 47-ші отырысы өтуде. Ол 5 мамырға дейін жалғасады.
Бауыржан Мұқанов