02.05.2014
«Қазіргі кездегі компаниялар нарығы осыған дейін болғандардан ерекшеленеді. Бұл – Ресей және Беларусьпен интеграциялық одақтың, яғни Кеден одағының құрылуына байланысты. Оған 170 млн адам кiредi. Сонымен қатар, Қазақстан дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрейiн деп отыр. Бұл экономикамызды одан да либералды және бәсекеге қабiлеттi ете түспек. Бiз инвесторларға арналған ынталандырудың жаңа пакетiн әзерлемекпiз. Оған жаңа инвестициялық механизмдердiң құрылуына қолдау көрсету, сондай-ақ инвесторларға тосқауылдарды жою кiредi.», - деді Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.
Сондай–ақ, ол Қазақстан 10 еркiн экономикалық аймақты iске қосу жоспарда бар. Оған халықаралық басқару компанияларын тартуды көздеу отырғандықтарын айтты.
«Біз елде ірі мұнайгаз, тау-кен жобалары мен геологиялық бақылау саласында жобаларды жібереміз. Азиялық компанияларды Қазақстанда жұмыс істеуге шақырамыз. Біздің нарық тым үлкен емес, оларды Орта Азия мен Кедендік одақ елдеріндегі серіктестер нарығына да бағытталу қажет»,-деді ол.
Ұйымдастыру комитеті атап өткендей, АДБ Президенті Такехико Накао банктің орта ұзақмерзімді жоспарын айтты, яғни Стратегия -2020.Ол жоспар АДБ жетілуі мен қызметінің тұрақталуына бағытталған.
Отырысқа 3000 делегат қатысады, оның ішінде жоғары шенді саясаткерлер, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, азаматтық өкілдер, ғалымдар мен даму институтының өкілдері бар.
Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі АДБ жылл сайынғы отырысын тұңғыш рет өткізіп отыр. Тақырыбы: «Азияны әлеммен жалғап тұрған –Жібек Жолы». Ол 2-5 мамыр аралығында өтеді.