• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің кездесуі өтті 01.05.2014

Кездесуге ҚР Премьер –Министрі Кәрім Мәсімов, Дүниежүзілік банк пен Орталық Азия банкінің  вице –президенті Лора Так, Тынық мұхиты аймағы бойынша халықаралық қаржы корпорациясының  вице-президенті Карин Ф. Финкельстон, Дүниежүзілік және Орта Азия банкінің аймақтық директоры Сародж Кумар Джа, Дүниежүзілік банктің жан жақты инвестициялық кепілдендіру агенттігінің атқарушы вице-президенті Кейко Хонда, Дүниежүзілік банктің қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая қатысады.

 Мемлекет басшысы Бірлік күнінде өтіп отырған кездесудің маңыздылығын атап өтіп,  Дүниежүзілік банкке қазақстандық бизнестің дамуына экономикалық, әлеуметтік көмек көрсетіп отырғанына алғыс білдірді.

Президент Дүниежүзілік банк Қазақстан үшін халықаралық экономикалық серіктес екендігін атап өтті. Оның қызметі жоғары бағаға ие екендігін тілге тиек етті.

Кездесу барысында Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуын арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметі  Халықаралық даму және қайта құру банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы және жан-жақты  инвестицияны кепілдендіру агенттігі  арасында нобайды келісім шарт жасалды. 

Нобайлы шартқа сәйкес Дүниежүзілік банк тобының келісімімен Қазақстанға 2,5 млрд доллар экономиканың диверсификациялануы және бәсекелестік қабілетті ұлғайту мақсатында бөлінеді.

Мемлекет басшысы ынтымақтастық жеті бағыт бойынша жүзеге асатындығын айтып өтті. Оның әрбіреуінің жеке бағдарламасы бар. Әріптестік алаңы қаржы секторы мен шағын және орта бизнес, іскерлік климаттың жетілуі, инновацияны арттыру, экономикаға инвестицияны тарту, мемлекеттік және жеке меншік әріптестікті нығайту, кәсіптік және техникалық білім беруді жетілдіру, тұрақты экономикалық аймақты қамтиды.

Президент атап өткендей, Нобайлы келісімнің дамуы үшін қысқа мерзім аясында Үйлестіру кеңесі құрылады. Оның құрамына қызығушылық танытқан барлық тарап кіреді.

Жоба мен оны бағыттау жұмысы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке  жүктелген.


Back to the list