30.04.2014
«Бүгінгі шара жыл сайынғы жиынға арналған. Бастысы – биыл 20 жылдығы аталып өтілетін Қазақстан мен АДБ ұзақмерзімді әріптестігінің үзілмеуі. Өздеріңіз де білесіздер, АДБ әріптестік құрған жылдары ішінде Қазақстанға шамамен 3 млрд теңге бөлді. Үкімет пен Қазақстан халқының қонақжайлылығына алғыс білдіремін», - дейді Такахико Накао.
АДБ экологиялық қауіпсіздікке немқұрайлы қарамайтындығы белгілі. Аталмыш жиын өткізілетін Тәуелсіздік Сарайында қалдықтарды қайта өңдеу урналары орнатылып, форумға қатысушыларды экологиялық таза сөмкемен қамтамасыз етіп, сонымен қатар біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктері мен отандық кәсіпкерліктерінің көрмесін өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, аталмыш көрмеге қазақ өнері мен мәдениетінің экспонаттары қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, АБД басшылығының кезекті 47-інші отырысының тақырыбы – «Жібек жолы – Азияның өзгеріп жатқан әлеммен байланысы».
Қазақстанда Жібек жолын жаңарту жұмыстарының жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы бағытта көпвекторлы дипломатиялық саясат жүргізілуде.