30.04.2014
Бесқарағай ауданының ресми делегациясы Алтай өлкесінің Углы ауданында өткен «Наурыз» аймақтық ұлттық мәдениет фестивалі аясында ұйымдастырылған «Достық гүлтәжі» мерекесіне қатысты. Шекараралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында халықтық шығармашылық көрмесі, спорттық жарыстар, достық дастарханы мен гала-концерт өтті, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Фестиваль барысында балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді.Іс сапар барысында шекаралас аймақтардың екі ауданы өзара алыс-берісті кеңейту жөнінде ұсыныс-тілек білдірісіп, қатынастарын құжатпен бекітті.
Енді Бесқарағай ауданы мен Алтай өлкесінің Углы ауданы білім, мәдениет, спорт және экономика салаларында серіктестік жасау жөніндегі Меморандум аясында интерграциялық байланысты нығайтатын болады.