• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан ҚК-нің   БҰҰ жаттығуына қатысуы талқыланды 25.04.2014

НАТО-ның «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау шеңберінде өткен кездесуде ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін дайындықтарға, оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға дайындау мәселелері талқыланды.

НАТО-ның 2014-2015 жылдарғы бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингенттерін БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту, киберқауіпсіздік мәселелері кіреді.

Ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен кеңестер өткізілді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады. 


Back to the list