25.04.2014
Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.ШартҚазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың базалық қағидаттарын қамтитын негіз құраушы құжаттардың бірі болып табылады, ол екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.
Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағдарланған. Шартқа сәйкес, тараптар өздерінің тәуелсіздігіне, егемендігіне, аумақтық тұтастығына төнген қауіп-қатердің алдын алу мәселелерінде бірлесіп қолдау мен өзара көмек көрсетеді.