25.04.2014
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында олардың тұрақтылығы мен болашағын ерекше атап өтті, деп ҚР ЭБЖМ-де хабарлады.
«Біздердің экономикаларымыздың мүмкіндіктері мен күші ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің жолда тұрған барлық кедергілерді 2014 жылдың соңына дейін жою қажет, - деп Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи айтып өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатының оңтүстік-батыс бағытында Түркия басты орын алады. 2013 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3 млрд.495,6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт - 2 млрд.595,1 млн.АҚШ долл., импорт - 900,6 млн. АҚШ долл. құрады.