• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Румыния ынтымақтастықты одан әрі арттырмақ 25.04.2014

Сапар барысында қазақстандық делегация басшысының Румыния Сыртқы істер министрі Титус Корлацеанмен екіжақты кездесуі өткізілді, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелер топтамасын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, екі елдердің көліктік-транзиттік әлеуетін өзара тиімді пайдалану келешегі, сондай-ақ шарт-құқықтық қорын кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Энергетика саласындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты және оның негізін қалайтын «ҚазМұнайГаз Интернешнл» компаниясының қызметі атап өтілді.

Тараптар қазақстандық-румын Үкіметаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық комиссияның жұмысына ерекше көңіл бөлуде.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Румынияны Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда бірлескен басым инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.


Back to the list