24.04.2014
«Ірі қара етінің экспорттық әлеуетінің дамуына үлкен қызығушылық туындап отыр. «Сыбаға» бадараламасының аясында шаруа қожалықтарының саны 2 жыл ішінде 14 пайызға артты. Бұл бағдарламада шаруа қожалықтарын үлкейту, бірлестіру мен меншіктің немесе қызметтің өзге түріне ауысуға мүмкіндік береді», - дейді Б.Қасенов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі мал басының 70-80% пайызын өсіруде ғылыми әдістер қолданылмай, бағып-қағуда өте төмен жағдай қалыптастырылған.
«Ірі қара малы етінің экспорты әлеуетін арттыру бойынша бүгінгі бағдарлама біздің стратегиялық міндеттемеміз. Алдағы 5-6 жылда ҚР-да өндірісіндегі ет пен сүттің үлесі кемінде 70% құрауы керек», - дейді ол.
Бүгінгі таңда, оның айтуынша, бұл көрсеткіш бар болғаны 20% шамасында.
«Алайда қойылған мінттемені орындау үшін жоспарлы түрде жағдай жасалуда. Сырттан импорттық мал тұқымдары әкелінуде. Мал басын өсіруге бүгінгі таңда кәсіпкерліктер де мүдделі болып отыр», - деп түйіндеді сөзін Б.Қасенов.