24.04.2014
Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, экономиканың өзге де салаларындағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен болашағы талқыланды.
Тараптар Қазақстан-Марокко іскерлік өзара қарым-қатынасты жандандырып, екі жақты байланысты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.