23.04.2014
Э. Тарауне атап өткендей, ол жоғары ынтамен «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын қарап шыққан.
«Сіздің жаңа идеяларыңыз құжатта көрініс тапқан. Ұзақмерзімді және инновациялық жоспарлармен толықтырылған. Қазақстан көп проблемалардың шешілуі бойынша тамаша үлгі көрсетуде. Инновациялық индустрияландыруға, ауыл шаруашылығына, ғылыми экономикаға, энергияны тиімді пайдалану саласына ден қойып дамып жатқан жас мемлекет бағыттарын нақты айқындап алған», - деп жазады автор.
Профессор сонымен қатар, прагматизм мен Стратегияның іскерлік рухы әлемнің көптеген адамдарына құлшыныс беретінін атап өтті.
«Көптеген үкіметтер аналогиялық құжат қабылдаса тиімді болар еді. Стратегиямен танысу барысында мен анықтылық пен дәлдіктің сипатына қарап таң қалдым. Біз барлығымыз болашақ бүгіннен басталатынын білуіміз қажет», - делінген хатта.