21.04.2014
Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
С. Ахметов қорғаныс саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін және оның тек ел үшін ғана емес, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сеп болатынын атап өтті.
Қазақстан Қорғаныс министрі әзірбайжандық әріптесін биылғы 22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін үшінші халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды. Ол, сондай-ақ З. Гасановты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Өз кезегінде Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы әскер-техникалық саладағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін және оны нығайту мен кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын атап өтті.