18.04.2014
Қазақстан атынан АДБ басқарушы директоры, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың мәжілісте төраға ретінде сөз сөйлеуі - аталмыш шараны Қазақстан үшін биылғы жылғы маңызды уақиғалардың қатарына қосты.
«АДБ Қазақстан экономикасын модернизациялауда және еліміздің әлеуметтік жобаларын іске асыруда үлкен үлес қосып, демеу беріп жатыр, бізде Азия Даму Банкімен серіктестікті маңызды деп есептейміз», - деп атап өтті өз сөзінде Е. Досаев.
Естеріңізге салып өтейік, 2013 жылы өткен АДБ басқарушыларының жыл сайынғы кезекті мәжілісінде, Үндістан Қазақстанға, 2014 жылғы АДБ Басқарушылары Кеңесі мәжілісінің Төрағалық лауазым ресми түрде табыстады. Алпыс жеті қатысушы-ел өз дауыстарын біріңғай Қазақстан үшін берді.
Мәжілісте қарастырылатын өзекті тақырыптардың бірі - қазіргі Қазақстанның инвестициялық жағдайы. Мәжіліс шеңберінде, алғаш рет «Invest in Kazakhstan» атты Халықаралық инвестициялық конференция ұйымдастырылады, АДБ 47-ші Жыл сайынғы отырысының ұйымдастырушы комитетінде хабарлады. Отырыста - саясаткерлер, бизнес жұртшылығы, Еуропа және Орталық Азия аймағындағы қаржы институттарының өкілдері, Қазақстан экономикасына инвестициялауға байланысты ең күрделі мәселелерді ортаға салады.
Аталмыш шараға, экономистер, үздік банктер, даму институттары, орта және шағын бизнестің басшылары және сарапшылары, сондай-ақ Қазақстанда қазіргі уақытта жұмыс жүргізіп жатқан халықаралық инвестициялық компаниялар басшылығының өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Конференция қатысушылары Қазақстан экономикасының және қаржы жүйесінің дамуына, сонымен қатар мемлекеттік саясатқа байланысты тақырыптарда сұхбат жүргізеді. Бұл пікір-талас елімізге инвестиция тарту мен оларды аймақтық және глобальды үлгіде кеңейту мүмкіндігін қарастыруға бағытталған. Сондай-ақ, конференцияда Қазақстанның өндірістік және экспорттық ахуалын айқындайтын инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Шара нәтижесі бойынша, қазақстандық компаниялармен шетелдік серіктестер арасында бір қатар меморандумдарға және инвестициялық келісімдерге қол қойылуы жоспарлануда.
Қазақстан 1994 жылы АДБ өкілділігіне қосылды. Серіктестік бір қатар бағыттарда - транспорт саласы, энергетика, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жеке секторды дамыту бойынша өтеді. Қазақстан өтеусіз техникалық көмек алушы рөлінен шығып, дамып келе жатқан елдерге өзі көмек көрсетіп, АДБ толықққанды серіктесі болуына ұмтылуын атап өту керек. Бұл тұғырда, 2013 жылы АДБ мен Қазақстан серіктестігі шеңберінде Азия даму фондына донорлық көмек ретінде 5 миллион АҚШ доллары өткізілген болатын.