18.04.2014
Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Масаёси Камохара мырза жапон үкіметі тарапынан Қазақстанда қолға алынып жатқан бірқатар жобалар туралы мәлімдеді. 1997 жылдан бері «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында Жапония үкіметі Қазақстанның 14 облысында халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдауға бағытталған 70 жақты жобаның іске асырылуына мұрындық болды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік-еңбек қатынасындағы екіжақты байланысты тараптар жоғары деңгейде бағалап, аталмыш ынтымақтастықты алдағы уақытта нығайта түсу мүмкіндігін талқылады.