18.04.2014
1947 жылы ашылған «Дипломат» журналы халықаралық қатынастар саласындағы британдық жетекші журнал болып табылады, деп ҚР СІМ-де хабарлады.
Сауалнамаға Лондонда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың 165 басшысы, министрлер Кабинетінің және көлеңкеленген Кабинеттің мүшелері, 650 парламентарий, халықаралық қатынастарға жауапты Лордтар Палатасының мүшелері, ЕО-ның комиссарлары және Еуропарламенттегі британдық депутаттар қатысты.
Марапаттау рәсімі ү.ж. 14 сәуірінде өтті. Оған дипломатиялық корпустың Маршалы мен дуайені, дипломатиялық миссиялардың басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.