• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ливанда қазақстандық-ливандық қарым-қатынас туралы кітаптың тұсаукесері өтті 18.04.2014

Қазақ, араб және ағылшын тілдерінде шыққан басылымда екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату тарихы туралы баяндалған, саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар туралы ақпарат ұсынылған, деп ҚР СІМ-де хабарлады.  Екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары Қазақстан-Ливан ынтымақтастығының болашағы туралы өз пікірлерімен бөліскен, сондай-ақ кітапта қос елдің қатынастары дамуының хронологиялық фотоматериалдары жарияланған.

Кітаптың тұсаукесері Қазақстанның Ливанда тұратын көптеген достардың бастарын қосты. Атап айтқанда, іс-шараға Үкімет өкілдері, парламентарийлер, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, шетел дипломаттары, бизнесмендер, журналистер, сондай-ақ Қазақстан-Ливан достық қоғамының мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшісі Болат Сәрсенбаев өзінің сәлемдеме сөзінде бірінші кезекте Ливанның саяси қайраткерлеріне ұсынылған кітапқа енген екі елдің ынтымақтастығы туралы жазған жылы пікірлері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша өзара түсіністік пен келісімнің жоғары деңгейіне мән бере отыра, Қазақстан мен Ливанның әртүрлі салалардағы қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

 


Back to the list