• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстанда болды 18.04.2014

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Семей, Аягөз гарнизондарының бөлімдерін инспекциялау барысында инспекциялық топпен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов кездесті.

Әскери бөлімдерде болған халықаралық инспекторлар біздің еліміздің Вена құжатының ережелерін толықтай орындайтындығын растады, бұл Қазақстанның халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді қатаң сақтайтындығын кезекті рет дәлелдеді.

Шетелдік инспекторлар қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіпқорлығы мен жауынгерлік дағдысын атап өтті.

 


Back to the list