17.04.2014
Күн тәртібіне сай ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік саласындағы жағдайлар,терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен, есірткінің заңсыз айналымымен, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі өзара әрекеттестікті тереңдету туралы пікір алмасылды.
Қазақстандық делегацияның басшысы Қ.Қожамжаров кездесуге қатысушыларға ШЫҰ желісі бойынша аталған бағыттарда біздің мемлекетімізде қандай жұмыстар жасалып жатқандығы жайлы баяндады.
Делегация басшыларын Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қабылдады.
Сондай-ақ Душанбеде Қ.Қожамжаров ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі – Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен келіссөздер өткізді.
Келіссөз барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және құзырлы мемлекеттік органдар желісі бойынша өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға арналған бағыттар нақтыланды.