• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2013 жылы Ресей мен ШҚО арасындағы тауар айналымы 30%-ға  артты – Б.Сапарбаев 17.04.2014

«Тек өткен жылдың өзінде ғана Ресей мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 27% көбейіп, 268 млрд теңгені құрады. Осы сынды өсім Беларусь елімен арадағы тауар айналымынан да байқалады. Атап айтар болсақ, бұл көрсеткіш 62 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар Еуропа мен посткеңестік елдермен де арадағы алыс-берістің көлемі артты», - дейді әкім.

Сонымен қатар, ол құрылып жатқан бірлескен кәсіпкерліктер туралы да айтты.

«Қазақстан аумағында алғаш рет ресейлік әріптестермен бірлесе отырып зауыттар салынуда: мысалға, «Азия Авто Қазақстан» АҚ жыл сайын 120 мың дана көлік шығарады. Кәсіпкерлік өз кезегінде 8 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашып отыр», - дейді өңір басшысы.

Облыс әкімінің хабарлауынша, РФ-на экспорт көлемі де ұлғайған үстіне ұлғаюда.

«Сонымен қатар, біздің арматура зауытында мұнай және мұнай-газ саласының құрылғылары шығарылады. Олар Ресейдің газшыларына сатылады. Тек өткен жылдың өзін ғана бұл зауыттың Ресейсмен тауар айналымы 3 млрд теңгені құрады», - дейді Б.Сапарбаев. 


Back to the list