• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бразилия мен Қазақстан бірігіп өткізетін бизнес-форум жағдайын талқылады 17.04.2014

Елшінің жұмыс іссапары шеңберінде Санта-Катарина штатының Губернаторы Раймундо Коломбомен және «FIESС» аймақтық өнеркәсіптік палатасының басшысы Глауко Жозе Кортемен кездесулер орын алды. Кездесулер барысында қазақстандық-бразилиялық екіжақты ынтымақтастық мүмкіншіліктері аясында бразилиялық тарап қазақстандық ауыл шаруашылық бизнес құрылымдарымен қарым-қатынас орнатуға, соның ішінде Бразилияға жоғары сапалы қазақстандық бидайдің импортына, ал өз кезегінде Қазақстан нарығына ет және құс шаруашылығы өнімдерінің және керамикадан жасалған бұйымдарды экспорттауға, ауылшаруашылық өнімдерді және таулы-металургия саласындағы технологиялармен қайта өндеу мүмкіндіктерінде тәжірибе алмасуға үлкен қызығушылықтарын танытты.

ҚР СІМ-де хабарлағандай, Штат Губернаторы және «FIESP» аймақтық өнеркәсіптік палатасының басшысы, өз штатының Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның ірі өнеркәсіп аймақтарының кәсіпкерлерімен ынтымақтастықты дамытуға үлкен ықыластықтарын білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның тиісті бизнес құрылым өкілдерінің қатысуымен Флорианополис қаласында арнайы бизнес-форум ұйымдастыруға дайын екенін айтып жеткізді.

Cанта-Катарина штаты Бразилияның қарқынды дамып келе жатқан штаттарына жатады. Штаттың негізгі экономикалық салалары: ауыл шаруашылығы, тау кен және автомобилдік өнеркәсіптер. «FIESС» мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Санта-Қатарина штаты арасында екіжақты тауарайналым көлемі 2013 жылы 6,2 млн. АҚШ долларын құрады.

 

 


Back to the list