• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда Түрік кеңесі  Ақсақалдар кеңесінің  отырысы өтеді 17.04.2014

Түрік кеңесінің бас хатшысы Халиля Акынджының төрағалығымен өтетін кеңеске қазақ тарапының ақсақалы, бұрынғы сенатор Әділ Ахметов, әзірбайжан тарапының ақсақалы Фаттах Гейдаров, қырғыз тарапының ақсақалы, Қызғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Ишенбай Абдразаков, түрік тарапының ақсақалы, Түрік Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас хатшысы Мұстафа Исен, сонымен қатар Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырали қатысады. Алқа отырысында Түрік кеңесінің қызметіне қатысты бірнеше мәселелер талқыланады. Ақсақалдар Түрік кеңесінің Мемлекет басшыларына берілетін ұсыныс түріндегі шешімдерді қабылдайды.

2014 жылдың 5 маусымында Түркияның Бодрумында өтетін IV Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің Мемлекет басшыларының саммитіне биыл  Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия президенттерімен қатар Түркменстан президенті қатысады. 


Back to the list