• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тәжікстанда Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы талқыланды 16.04.2014

Қазақстан Елшісі Ағыбай Смағұлов өз сөзінде Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі бағыттары, 2012 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global интер-активті алаң жөнінде толық айтып өтті, деп ҚР СІМ-де хабарлады.

Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы ассоциациясының мүшесі, академик Нуриддин Каюмов Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспардың демократиялық қағидаттарға негізделіп, қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығу бойынша тиімді шараларды әзірлеуге, сондай-ақ болашақ рецессиялардың алдын алуға, теңгерімді ұзақ мерзімдік экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, тиімді әрі жаһандық-үйлестірушілік саясат пен жаңа әлемдік қаржылық архитектураны құруға бағытталғанын ерекше атап көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау барысында әлемдік қаржылық-экономикалық жүйенің жаңа архитектурасын қалыптастыруды, жергілікті және жаһандық деңгейлердегі дағдарыстың ертерек алдын алу тетігін құруды мақұлдады. Сондай-ақ тәжік ғалымдары мен мамандары Әлемдік дағдарысқа қарсы Тұжырымдама жобасын әзірлеуге қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

 

 

 


Back to the list