• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
G-Global жобасы  Қытайда таныстырылды 16.04.2014

2014 жылғы сәуірдің 8-і мен 11-і аралығында Хайнань (ҚХР) Боао провинциясында БОАО Азия форумының отырысы өтті. 150 елден жиналған делегаттар төрт күн бойы әлемдік экономика және саясаттың өзекті тақырыптарын, Азия аймақтарымен бірігіп жаңа болашақ құру мәселелерін талқылады, деп «Ғалымдардың экономикалық клубы» Қауымдастығында хабарлады.

VII Астана экономикалық форумының, II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияның құжаттары, Әлемдік Дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы мен G-Global халықаралық ақпараттық-коммуникативтік алаңының құжаттары БАФ ресми құжаттарының қатарына енді. Бұл Қазақстанның халықаралық әріптестерінің аталмыш жобаларды одан әрі дамыту мен алға жылжытудағы үлкен қызығушылығын білдіреді.

Қазақстандық бастамалардың тұсаукесері шеңберінде «Boao Review», «Economic Daily», «China Economic Net» сияқты қытайлық БАҚ өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Олармен алда өтетін VII Астана экономикалық форумы аясында бірлескен пікірсайыс өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, келіссөздер қорытындысы бойынша Боао Азия Форумы-2014 қатысушыларына VII Астана экономикалық форумы, II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы Конференция, Әлемдік Дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы мен G-Global халықаралық ақпараттық-коммункативтік алаңы сияқты алда өтетін шаралардың бағдарламалары табысталды. Олар Қытай Халық Республикасының БАҚ-да жарияланады. БОАО Форумы барысында VII АЭФ және II ДДК-ға қытайлық және халықаралық жоғары лауазымды делегаттар шақырылды.

 

 


Back to the list