• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілісмен М.Әшімбаев пен СХЗО бағдарламасының  директоры Э.Качинс күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады 15.04.2014

Кездесу барысында парламентария қонаққа Мәжіліс пен өзі басқаратын Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіндегі жаңартылған жұмыс бағытынан мағлұмат берді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жайлы пікірлер айтылып, Орта Азия тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы сөз болды және Каспий мәселесі де назардан тыс қалмады.

Аймақтық қауіпсіздік мәселелері де ортаға тасталып, соның ішінде Ауғанстан ахуалы жайынан да айналып кете алмады. Осы тұста мәжілісмен Ауғанстан мәселесінің шешімін табуға бірден бір жол ретінде парламентарияның маңызын күшейту қажеттілігін атап өтті.

Қазақ-Америка қатынасы жайлы айта келіп, тараптар стратегиялық әріптестікті нығайту мен тереңдету қажеттілігі жайлы ортақ пікірге келді. 


Back to the list