14.04.2014
Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестік мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы.
«Қазақстан екіжақты қатынастың барлық спектрі бойынша ынтымақтастық құруға мүдделі», - деді Үкімет басшысы әріптестіктің ауыл шаруашылық, инвестиция, банктік және қаржылық сектордағы әлеуетінің жоғары екенін айта келіп.
Өз кезегінде Бахрейн Королі екіжақты ынтымақтастың болашағына сенім білдіріп, қос тарапқа да пайда әкелетінінен үмітті екенін жасырмады.