14.04.2014
Лозаннада (Швейцария) әлемнің жетекші компанияларының басшыларын жинаған 31 наурызбен 2 сәуір аралығында өткен «FT Commodities Global Summit 2014» конференциясына «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының өкілдері қатысты. Саммит қонақтарына «G-Global: XXI ғасыр әлемі» кітабы таныстырылды.
FT Commodities Global Summit 2014 конференциясында дүниежүзі бойынша ең ірі платина өндірушісі Anglo American президенті Марк Кутифани, ірі мұнай және мұнай өнімдерін өндіруші Vitol Group президенті Иэн Тейлор, ENI Trading & Shipping бас директоры Марко Алвера, Morgan Stanley басқарушы директоры Мишель Антакли және халықаралық бизнестің белді тұлғалары сөз сөйледі. Аталмыш конференция «G-Global: XXI ғасыр әлемі» кітабының беделін арттыруға жақсы мүмкіндік берді , деп «ҒЕЭК» қауымдастығынан атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаевтың эволиция және саясаттағы ревалюциялық өзгерістерден бас тарту, әділеттілік, теңдік, бәтуаластылық, жаһандық толеранттылық пен сенім, ашықтық пен сындарлы көпполярлылық сынды бес өлшемге негізделген Н. Назарбаевтың «G-Global: XXI ғасыр әлемі» кітабы қазақстандық G-Global бастамасының мәнін аша түседі.