• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Президенті мен Бахрейн Королі   бірқатар құжаттарға қол қойды 14.04.2014

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер нәтижесінде екі Мемлекет басшысының Бірлескен мәлімдемесі қабылданып, төмендегі құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Бахрейн Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің арасындағы екіжақты кеңес беру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Бахрейн Корольдігінің Индустрия және коммерция министрлігінің арасында өнеркәсіп, инвестиция мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы өзара ықпалдастық меморандумы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бахрейн Корольдігі Индустрия және коммерция министрлігі арасында азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өзара ықпалдастық меморандумы. 


Back to the list