14.04.2014
«Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялыр министрлігі Бахрейннің өндіріс және коммерция министрлігімен екі мемлекеттің шағын және орташа кәсіпорындары мен алюминийді қайта өңдеу бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, қаржы секторы бойынша «Бахрейн Мумталакат» холдингісімен «Байтерек» қаржы холдингісінің арасында ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Бұдан басқа, «Самырұқ-Қазына»ҰӘҚ меморандумға отырдық. Сондай-ақ, Қазақстан мен Бахрейннің Сауда-өндірісітік палаталары арасында іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қойылады», - деп Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев хабарлады.
Сонымен қатар ол, осы жылы күрделі жекешелендіру жобасы басталады, яғни «Самырұқ-Қазынаның» көптеген компаниялары жақын арада жекешелендіріледі, деп атап өтті.
Осы ретте Ә. Исекешев Қазақсттанның Бахрейнмен ынтымақтастығы аясында жоғары әлеуетті салаларды атады.
«Бахрейнде алюминий қайта өңделеді. Ал, Қазақстанда оның қоры мол және біз 250 мыңнан астам металл алюминий өндіреміз. Біздің алдымызда алюминийді қайта өңдеу міндеті тұр. Жалпы өзіміздің тарапымыздан біз инвестиция және өндіріс бойынша ынтымақтастық деңгейін жаңа жоғары деңгейге көтеруге дайынбыз. Сонымен қатар біздің пайымымызша ауылшаруашылығы бойынша серіктестіктің әлеуеті зор. Қазақстанның бидайды өндіру және экспорттау, бұдан басқа ет экспорты бойынша әлеуеті зор», - деді ведомство басшысы форумда.