14.04.2014
«ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қолдаймын. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Ақорданың жоспарын 30 дамыған елдің қатарына қосылу бойынша таныстырады. Ол үшін үкіметтік жоспар мен адамзаттық ресурстар мен ҚР азаматтарының моральдық-саяси рух жігері бар.Ең бастысы – бұл қауіпсіздік, қазақстандық қоғамның басқа елдермен салыстырғанда саяси және экономикалық тұрақтылығы. Қазақстан халқы өз құқығын өзге елдерге қарағанда қорғап, бейбіт өмір сүруде. Елде тек жергілікті ұлт қана емес, өзге ұлт өкілдері де бейбіт өмір кешуде, оның ішінде ауғандықтар да бар», - деді А.Р. Ибрахими.
Спикердің сөзінше, АИР капиталының ірі иегерлері Қазақстандағы біріккен өндірістрге қаражат салуға дайын отыр. Мысалы, пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеу, жаппай тұтыну тауарларын дайындау, соның ішінде Ауғанстан мен өзге де өңір мемлекеттеріне экспортталатын тауарларға деген қызығушылықтары жоғары.
«Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың беделді және белсенді мүшелерінің ірі. Ірі өңірлік форумдар өткізуде айтарлықтай тәжірибеге ие. Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанға мәдени-гуманитарлық көмек беріп, ауған студенттерін тегін білім еру арқылы да елдің аяққа тұруына қол ұшын беруде. Биылғы жылғы отандық азық-түлік өнімдерін тасымалдағаны үшін алғысымыз мол. Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың мызғымауын тілеп, Мемлекет басшыларыңыздың міндеттемелерін сәтті жүзеге асыруларыңызға тіектеспін», – дейді А.Р.Ибрагими.