13.04.2014
Қазақстанның Елшісі тәжікстандық СІМ басшысына 2017-2018 жылдар кезеңіндегі БҰҰ Қауіпсіздігі Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағаны үшін Тәжікстан Республикасына ризашылық білдірген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың жеке Жолдауын тапсырды.
Достық сипаттағы сұхбат барысында тараптар өзара іс-қимылдардағы саяси деңгейдің жоғарылығын, достас екі ел басшыларының өңірлік және халықаралық бастамаларын өзара қолдап отырудың дәстүрге айналғандығын ерекше атап өтісті.
Сондай-ақ, екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті талқыланды. Тараптар алдағы Тәжікстан Сыртқы істер министрінің Қазақстанға жасайтын ресми сапарының қазақ-тәжік қатынастарының дамуына қарқын беріп, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың проблемалары мен келешегін талқылауға жол ашатынына сенім білдірді.