• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Елшісі Б.Ордабаев Уругвай СІМ басшысы Л.Лемеспен кездесті 13.04.2014

Кездесу барысында, саяси, экономикалық және мәдени саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту, сондай-ақ халықаралық ұйымдардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында Б.Ордабаев уругвайлық СІМ басшысын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы наурыз айындағы Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік Саммитіндегі сөзімен және Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау саласындағы бастамаларымен таныстырды.

Министр Л.Алмагро өз кезегінде, Уругвай ядросыз мемлекет болып табылатынын жеткізе отырып, Қазақстанның бұл бағыттағы дәйекті әрекеттерін жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ кездесуде қазақстандық дипломат уругвайлық тараптың БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшесі болуына ҚР үміткерлігін қолдағанына алғысын білдіре отырып, осы мәселеге қатысты Уругвай министрінің атына жолданған ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың алғыс хатын табыс етті.

Келіссөздер нәтижесінде, тараптар екіжақты диалогты 2014 жылғы маусымда Парагвайда өтетін Америка мемлекеттері Ұйымының Бас Ассамблеясының 44 –ші отырысы алаңында жалғастыруға уағдаласты.


Back to the list