11.04.2014
Шараға жоғарғы лауазымды тұлғалардың бір шоғыры жиналды. Атап айтар болсақ, солардың қатарында Люблян қор биржасының негізін қалаушы, қазіргі төрағасы Драско Веселинович, CAPMEX басқарма әріптесі, төраға орынбасары, Вен қор биржасының экс-директоры Ханнес Такач, NASDAQ төрағасы Дэвид Уайлд, NASDAQ хатшысы, бұрынғы төраға орынбасары, Жаңа Зеландия қор биржасының ұрынғы бас директоры Уильям Фостер, Стамбул қор биржасының бұрынғы бас директоры Арил Серен, профессор, Франкфурт қор биржасының бұрынғы бас директоры, доктор Рюдигер фон Розен, Қуала-Лумпур қор биржасының бұрынғы атқарушы төрағасы Ник Мохамед Дин, Египет қор биржасының бұрынғы атқарушы төрағасы Мохамед Абдель Салам мен өзгелер бар.
Олар Қазақстан Республикасы ұсынып отырған жобалар мен бастамаларды тамашалап, VII Астана экономикалық форумының басты тақырыбына айналатын бағдарламалапрды талқылады, деп хабарлайды «Еуразиялық экономикалық оқымыстылар клубы» қауымдастығы.
«21-23 мамыр аралығында Астанада жетінші Астана экономикалық форумының өтетіні белгілі. Қазіргі таңда форумда әлемнің 150-ден астам елінің өкілдері қазіргі таңдағы жаһандық қатер тудырып отырған мәселелерге шешім іздеп, аталмыш форума өз ойларын ортаға салады. Солардың арасында бұрынғы және қазіргі Мемлкет басшылары мен үкімет басшылары, экономистер мен саясаткерлер, қаржы сарапшылары мен Нобель сыйлығы иегерлері және кәсіпкерлер бар», - дейді Еуразия экономикалық ғалымдар клубының өкілі Динара Қаршалова.