• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Журналистиканың рөлі күннен –күнге артуда – С. Нөгербеков 11.04.2014

Ол экономикалық көрсеткіштері бар жұмыста журналистік біліктілікті бағалауға, өзекті трендтер мен дағдарысқа қарсы ақпараттық саясат ағымын қолдауға,  әлемдік дағдарыс болып кету алғышарттарын қадағалауға және жұртшылықты жаңа технологияларды, мультимедиа бағдарламалары мен қосымшаларын қолдану арқылы туындап жатқан экономикалық қауіп жайлы ақпараттандыруға шақырады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербековтің айтуынша «Журналистика рөлі күннен-күнге артуда. Қазіргі ақпараттық технологиялардың динамикалық өсімі дамыған заманда оның алар орны да ерекше.

« Әлемдік интернет аудиториясы артқан сайын, ақпараттарды жеткізу де жедел әрекет пен кәсібилік танытудың маңызы жоғары. Экономикалық ақпарат сол саланы меңгеретіндер үшін ғана түсінікті болып қалмауы керек. Ғаламшардың әрбір тұрғыны экономикалық сауатты болуы  шарт. Қарапайым бір мысал келтіретін болсақ, 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан қаншама адам, қаншама отбасының қалталары қағылып қалды», - деді ол.

Халықаралық шара кезінде тақырыптар жаһандық дағдарысты, экономикалық мәселелерді, дағдарысқа қарсы жоспарды насихаттау, сондай-ақ, экономикалық ақпаратты пайдаланып көрсету,  статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, қиын ақпараттарды қызықты етіп дайындап, саралауға арналмақ. 


Back to the list