• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР делегациясы Берлиндегі  «EastForum Berlin» Халықаралық экономикалық конференциясына қатысты 11.04.2014

Қазақстандық делегацияны ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов басқарды, ол өз сөзінде Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынастың жан-жақтылығын ұстанады, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ, ол Еуразиялық кеңістіктегі бірлесу идеясының бастаушысы болып, аймақтағы және де тыс елдер арасындағы көптеген экономикалық ұйымдарда белсенді рөл атқарады деп атап өтті.

Форумның басты мақсаты – тығыз экономикалық қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін ашық талқылау мақсатында саяси қайраткерлер мен іскерлік топтардың арасында тұрақты кездесулерді ұйымдастыру үшін диалогтық алаңды ашу. Ал ұзақ мерзімде Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі аумақтарда еркін экономикалық кеңістікті қалыптастыру міндеті қойылады.

Биылғы конференция барысында Еуропа Одағы мен Кедендік Одақ арасындағы ынтымақтастықтың проблемалары мен болашағы, ЕО-ның Шығыс серіктестігі бағдарламасының жүзеге асырылуы, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, Еуразиялық континентте еркін сауда мен экономикалық үйлесім туралы келісім-шартқа қол қою секілді мәселелерді қарастырылды.


Back to the list