• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АЭФ аясында I Халықаралық G-Global журналистикасының саммиті өтеді 11.04.2014

Саммит экономикалық сектор, жаһандық журналистика және соңғы технологиялардың өзара әрекеттесуінің ақпараттық платформасын құру мақсатын  көздейді, дейді ұйымдастырушылар.  

Осы саммит қарсаңында Астана қаласында «Медиадағы жаңа технологиялар» тақырыбында интерактивті ток-шоу ұйымдастырылды.

«Біз өз экономикамызды алға тартуымыз үшін, 5 жылдың ішінде бізге  80 млрд.доллар қажет. Ал, индустриалды-инновациялық бағдарламаның құны 46 млрд.доллар шамасын құрайды. Бұл бізге инвестициялардың қажет екендігін көрсетеді. Ал, инвестиция құятындар біздің экономикамыздағы объективті ұстанымдарды білуі қажет. Ал, оларға осы ақпаратты жеткізетіндер, әрине журналистер. Сондықтан да журналистер осы саланы жетік меңгерген, сапалы мамандар болуы керек», - деді  шараға қатысқан Бас редакторлар Клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай.

Сонымен қатар Бас редакторлар Клубының президенті журналистика саласында ақпараттарды өзара қысқарту емес, өзара толықтыру керек екендігін де жеткізді.

 

 


Back to the list