10.04.2014
Сенаторлар "Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетудi ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Түзетулерді қабылдау озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануға шектеу қою бойынша шағын және орта бизнестің қаржылай шығынын төмендетіп, сын көтермейтін схемалар мен котрабанданы азайтады. Кедендік одақ шеңберінде ұлттық заңнаманы үйлестіреді және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу концепциясын жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Палата Хоргос өзенінде «Достық» гидротүйінінің құрылысы жөніндегі қазақстандық-қытайлық мемлекетаралық келісімді бекітті. Оның мақсаты аталмыш нысандағы құрылыс мәселелерін реттеу. Келісім құрылыс кезеңінде жұмыс істей бастады.
Отырыста Жабал Ерғалиевтың, Қайсар Омаровтың, Жұмабек Төрегелдиновтың, Хусаин Валиев пен Елеусін Сағындықовтың депутаттық сауалдары тыңдалды.
Келелі кеңестің соңында Сенат Төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Саясикеңес бюросының мүшесі сенаторларға жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстады.