• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ГФР-дағы Елшісі Германияның экс - канцлері Г. Шредермен кездесті 09.04.2014

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында қазақстандық дипломат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс саясаткерінің жетпіс жасқа толған мерейтойымен құттықтау жолдауын тапсырды.

Жүздесу барысында казақстандық дипломат Герхард Шредердің екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтуі мен тереңдетуіне салмақты үлес қосқанын, оның арқасында екі ел арасында көп жақты және өзара тиімді қатынастардың негізі салынғанын атап өтті.

Өз кезегінде неміс саясаткері Елбасының құттықтауларын алғыс сезіммен қабылдап, Қазақстанға және оның көшбасшысына аман-саулық пен толағай табыстар тіледі. Ол елімізге бұрын жасаған сапарды және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сенімді және ашық сұхбатты еске алды. Герхард Шредер қазақ-герман саяси диалогын одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге жағдай жасауға берік ниетін растады.

Көрнекті неміс саясаткері Герхард Шредер 1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін Германияның канцлері және Социал-демократиялык партиясының басшысы қызметін атқарды. 2003 жылы герман канцлері Қазакстанға алғашқы ресми сапарымен келді. Оның корытындысы бойынша экономикалық саладағы басқарушы кадрларды даярлау жөніндегі Назарбаев-Шредер бағдарламасы жарияланып, бүгінгі күнге дейін жемісті іске асырылуда.


Back to the list