09.04.2014
«Менің ойымша, «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға деген мемлекеттік саясатты дамыту бойыша ірі міндеттемелерді іске асыруға үлкен маңыз беруі тегін емес», - дейді Эльмира Ахмедова.
Өзбекстанның Ұлттық өнер орталығы директорының айтуынша, бүгінде барынша жаңаша және Қазақстанның даму болашағына өте батыл қадамдар жасауға дайын жастарға үлкен сенім арту өте маңызды.
«Н.Ә.Назарбаев білім беру деңгейінің артуына ерекше назар аударып, осы орайда ірі және жаһандық деңгейдегі нақты тапсырмаларды алға қояды.«Қазақстан-2050» Стратегиясы дамыған демократиялық институттармен азаматтық қоғамды қалыптастырады. Мемлекеттік органдардың жемқорлықпен күрес қызметі және әкімшілік реформаларды жүргізу Қазақстанды барынша дамыған елдердің қатарына жетелейді. Әрине, Қазақстанның осы жолда белестерге жетуі барша Орта Азия елдерінің дамуында өзінің нәтижесін көрсетпей қоймайды», - дейді Э. Ахмедова.