• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан  Люксембургпен  «Көлденең» Келісімнің элементтері бар әуе қатынасы жөніндегі Келісімге қол қоюға дайындалуда 07.04.2014

Бұл құжаттың Қазақстан мен Еуропалық одақ елдері арасындағы әуе қатынасы жөніндегі келісімді ЕО заңнамасына сәйкестендіруге үндеу болатын «Көлденең» Келісімнің қағидаларынан тұратынын айта кеткен жөн, деп ККМ-де хабарлады.  

Еуропалық қауымдастық Сотының «Ашық аспан» туралы шешіміне сәйкес, 2002 жылы Еуропалық комиссия Қазақстанға ЕҚ мүше елдерімен екіжақты келісімнің авиатасымалдаушыларды меншіктеу мен олардың қызметін ырықтандыруға байланысты қағидаларын өзгерту бойынша ұсыныс жасады.             

«Қазақстан мен еуропа елдері арасында жасасқан келісімдерден айырмашылығы бұл құжат толығымен ЕО заңнамасына сәйкестендірілген. Келісім Люксембургтен Қазақстанға тек қана люксембургтік компанияларына емес, басқа да еуропалық компанияларға ұшуға құқықтық негіз жасайды. Әрине бұл Қазақстан мен Еуроодақтың қарым-қатынасын дамытуда үлкен қадам»  - деп ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектуров атап өтті.

Қазіргі кезде Келісім жобасына үкіметаралық дәрежеде қол қоюға дайындық жасалуда. Егер Келісімге қол қойылса, ол осы тәрізді Еуроодақтың басқа елдермен құжаттарды жасауға және қолданыстағы келісімдерге өзгерістер енгізуге негіз болады деп жобалануда.

Ағымдағы уақытта  Қазақстан мен ЕО елдері арасында барлығы 13 үкіметаралық келісім әрекет етуде.  

 

 

 

 

 


Back to the list