• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар облысының  кәсіпкерлері мен Литва Елшілігі әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды 07.04.2014

Екі тарап Қазақстан мен Литва арасындағы өзара түсіністіктің жоғары дәрежеде екенін жеткізді. Алайда аталған мемлекетпен тығыз қарым-қатынасымыз бүгінгі күнмен шектеліп қалмақ емес, деп ҰКП-да  хабарлады.

Қазақ және Литва елі арасындағы екі жақты бизнес-әріптестікті дамыту мақсатында Кәсіпкерлер палатасы мен Елшілік арасында халықаралық және аймақаралық сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени даму мүмкіндіктерін арттыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Сол арқылы тараптар экономиканың әр саласы бойынша күш біріктіруге уағдаласты. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмыла кіріседі.

 

 

 

 


Back to the list