05.04.2014
Іс-шараның мақсаты - 2015 жылғы 14-18 наурызда Сендайда (Жапония) өтетін ІІІ Халықаралық Зілзалалардың қаупін азайту бойынша конференциясында қабылдануға жоспарланып отырған Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасы - 2015 қарастырылатын өңірдің негізгі басымдықтарын анықтау. Бүкіл дүниежүзінде бұндай 6 өңірлік консультация өткізуге жоспарланған, оның ішінде бұл кездесу алғашқы болды, деп Халықаралық ынтымақтастық департаментінде хабарлады.
Іс-шараға Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерінің, БҰҰ агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың 160-тан астам өкілдері, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча мен БҰҰ Дүлей зілзалалардың қаупін азайту халықаралық стратегиясы Өңірлік үйлестіру департаментінің басшысы Нил Макфарлэйн қатысты.
Екікүндік консультациялардың қорытындысы бойынша ІІІ Халықаралық Зілзалалардың қаупін азайту бойынша конференциясының Ұйымдастыру комитетіне жолданатын екінші Хиого Іс-әрекеттер бағдарламасына қосуға ұсыныстар мен жақтардың міндеттемелері жасап шығарылды.