• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжілістің вице –спикері мен Португалияның ҚР- дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі екіжақты ынтымақтастықты талқылады 05.04.2014

Мәжілістің вице-спикері елшілік қызметке жаңадан тағайындалуымен елшіні құттықтады. Өз кезегінде  екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға тоқталды.

Тауар айналымы, Қазақстанға инвестиция салу мәселесі туралы айтты. Бүгінде экономикалық өрлеуде тұрған еліміздің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге әзірленіп жатқанынан хабардар етті.

Елшіге Қазақстан Республикасының  Парламентінің құрылымы жайында айтып,  әртүрлі форматты Мәжілістің жұмысымен таныстырды. Халықаралық парламенттік ынтымақтастық жайында да айтып өтті.

Португалия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі өз елінің Парламенті жайында айтып, екі ел парламенттерінің ынтымақтастық байланыстарына сенім білдірді.

 


Back to the list