24.04.2017
Павлодар облысында жалпыөңірлік сенбілік шеңберінде «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ұйымдастырылып, 13 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Айта кету керек, Павлодар қаласы бойынша 131 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 миллиард теңге бөлінді. Аймақ басшысы, егер мердігерлер жұмысты тез әрі сапалы түрде орындаса, жергілікті билік бұл жұмыстарға тағы да қосымша қаражат іздестіретінін айтты.