20.04.2017
Биыл бюджеттен жергілікті жерлерді абаттандыруға 798 млн теңге санитарлық тазалауға 467 млн бөлінді, барлығы 1 млрд 265 млн теңге. Тараз бен аудандарда сенбіліктер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда 188 817 ағаш отырғызылды, 994,5 шақырым арық пен арна тазартылды, 5538 шақырым көше абаттандырылып, 5663 тонна қоқыс шығарылды.
Облыстың 377 жергілікті пунктінде 168 полигон жұмыс істейді. Оның 154-іне эмиссия бар, ал 14-нің эмиссия уақыты өткен.