11.04.2017
Көшелердегі жарық бағаналарын ағарту және сырлау, жолдарға ішінара топырақ сеуіп, грейдерлеу, қалалық билбордтарды, жол белгілерін жөндеу, аялдамаларды сырлау бойынша жұмыстар басталды», – деп баяндады өңір басшысына энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров облыста 13 млн көшет өсірілетін 3 тәлімбақ бар екенін баяндады.
«Қазіргі уақытта облыстың батыс өңірлерін ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатында тағы бір тәлімбақ салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Биылғы көктемде 96 мыңнан астам көшет отырғызу, сондай-ақ 1700 гектар жерде ағаш отырғызу жоспарланып отыр», – деп атап өтті ол.
Осы мәселе бойынша облыс әкімі М. Мырзалин облыстың елді мекендерін тиісті санитариялық тәртіпке келтіру және көгалдандыру үшін шаруашылық етуші субъектілерді, қоғамдық ұйымдарды коммерциялық құрылымдарды тарту жұмысын жандандыруды тапсырды.