• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
7 айда мемлекеттік саябақтарда 700 мыңнан астам адам болды 11.10.2016

Соңғы бес жыл ішінде жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келуінің оң үдерісі байқалуда, жалпы алғанда ЕҚТА-да 4,5 млн. астам адам болды. Ағымдағы жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырудың көлемі – 8,1 млрд. теңгені 2015 жылға қарсы 6,8 теңгені құрады.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мынадай іс-шараларды жоспарлауда: 2017 жылы неғұрлым көрікті орындар мен нысандар көрсетілетін 3D-сапарлар әзірлеуге кірісу, сонымен ақылы қызметтер көрсетуден ұлттық парктер алатын қаржы қаражатының бір бөлігін Қазақстан Биоәртүрлілікті сақтау қорының есепшотына аудару мәселесін пысықтаужәне де алдағы уақытта жиналған қаражатты парктердің, қорықтардың және резерваттардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсау.

Келесіде, ҚР Ұлттық парктері желісінің экотуристік брендингін құру мәселесін пысықтау және келушілерге қызмет көрсету және оларға мәліметтер беру үшін ЕҚТА кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесін пысықтау (көрсетушілер мен экскурсия ұйымдастырушыларды оқыту).

Комитет тендерлер нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9948,21 га 257 жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға және жалпы көлемі 248, 68 га 135 жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға берді. Айрықша баса айтайық, ЕҚТА-да туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелері жалға берілмейді және оларға жерге мемлекеттік актілер тапсырылмайды.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шегінде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын, қатаң түрде белгіленген бағыт бойынша туристік және рекреациялық аймақтарды пайдалануға маршруттар ұйымдастыруды ескере отырып, туристер мен келушілердің ағынын реттеу жүйесін енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Туристік және рекреациялық қызметтер аймағына бөле отырып барлық ұлттық парктердің аумағын аймақтарға бөлу өткізілді.

 

 


Back to the list