• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда экологиялық таза көліктің үлесі артуда – әкімдік 01.02.2015

Әкімдіктің хабарлауынша, экоавтобустардың тұсаукесер рәсіміне қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Европаның қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

Мегополис әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы үшін муниципиалды автобус паркін құру идеясының маңызы зор екендігін әрі оны қала тұрғындарының қолдағандығын атап өтті.

Әкімдіктің мәлібеті бойынша, бүгінгі күні электрэнергиясымен және газбен жұмыс істейтін көлік саны 850 бірлікке жетті және қаланың қоғамдық көлігінің тең жартысын құрайды. 10 км жер жүруге кететін газдың бағасы бензиннен 40%-ға арзан. Демек, автобустар эколгиялық жағынан таза болуымен қатар экономикалық жағынан да өте тиімді.

2014 жылы 260 млн. астам жолаушы тасымалданғанын, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артық. Калада экологиялық таза автокөліктің жалпы саны 70%-ды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, газбен жүретін муниципалды автобус паркін құру жобасы Европаның қайта құру және даму банкімен бірге жүзеге асуда, қаржыны қайтару кестеге сай жүруде.


Back to the list