• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның кен байлығы – елдің негізгі ерекшелігі – Н.Назарбаев 22.12.2014

 «Біздің ерекшелігіміз Қазақстанның кен байлығы болып саналады. Ол – Қазақстанның мұнайы-газы, түсті және қара металдары, басқа минералдары. Екіншісі – біздің кең даламыз, астығымыз, малымыз. Қазір біз дүние жүзінде ұн, уран, хром экспорты жөнінен алдыңғы орындардамыз», - деді Елбасы.

Елбасының айтуынша, мына индустриялық бағдарламаны, өңдеу өндірісін алға шығарып жатқанымыз неліктен? Сыртқа басқа да тұтынатын тауарлар шығару үшін. «Ауыл шаруашылығына келсек, тек бидай мен ұнды ғана сатпай, одан шығатын нанды да, кеспені де жөндеп сатқанымыз дұрыс. Малды, етті жай ғана сатпай, неше түрлі шұжық, ет тағамдарын дайындаған жөн.  Киім тігіп, өндірісте неше түрлі машина, құрылғылар жасауымыз керек», - деді Президент.

«Біз шығарған автомашиналар әлден-ақ әлемдік нарықтарда сатылып жатыр. Өзге елдерге тепловоздар экспорттаймыз.Қытай Халық Республикасымен келіссөздерде біз өңдеумен айналысатын 15-20 жаңа зауыт құрылысы туралы уағдаластық», - деді Н.Назарбаев.

«Мысалы, ірі мұнай-химия зауытын салу көмірсутектен полимерлік материалдар, дәрі-дәрмекке негіз болатын заттар алу дегенді білдіреді. Металды өңдеу ісі сапалы болат өндірісіне, кабельді өнімдер шығаруға дейін жетілдіріледі. Осының бәрі қосымша құнды арттырады. Өңделген өнімдер елдің табысын ұлғайтады», - деді Ұлт көшбасшысы.

 


Back to the list